Біз орындаған армандар

Дана балерина болуды армандайды

Дана, 7 жас

Дананың асқақ арманы орындалды. Кейіпкеріміз нағыз балеринамен бірге ұмытылмас 2 күн өткізді. Жанбота (балерина) Данаға бар білгенін көрсетуге, үйретуге тырысты. Ең бастысы арманшыл қызымыздың балетке деген қызығушылығы одан әрі арта түсті.

Дана тек жаттығып қана қоймай, нағыз балериналардың "Лебединое озеро" атты қойылымының дайындығын өз көзімен көріп, сөзбен айтып жеткізбестей эмоция алды.

Келесі күні кейіпкеріміз ГАТОБ театрында "Лебединое озеро" қойылымын алдыңғы қатарлардың бірінде отырып тамашалады!
Бірақ Дана үшін ең үлкен тосын сый ол барлық көрермендердің алдына, әлемге әйгілі балериналардың қасында тұрып сахнаға шығу болды.

Армандар орындалады! Жәй ғана сене біліңіздер.

Үлкен қолдау білдірген @zh__jan__ & @konokbaevgroup ерекше алғыс білдіреміз.