Біз орындаған армандар

Дияр: "Құмыралар жасап, өзімнің жеке көрмемді ұйымдастырғым келеді"

Біздің кейіпкеріміз өте өнерлі тұлға және соған байлансты оның арманы - өзі құмыра жасап, жеке көрмесін өткізу. Диярдың арманын біз @dalacrafts барып орындадық. Ол жақта батырымыз құмыраларды өз қолымен жасап көрді, сонымен қатар суреттер салды.

Диярдың жасаған өнері 14-ші қараша күні, қорымыздың 1 жылдық мерейтойында арнайы “Armanshyl” көрмесінде ұсынылды.

Диярдың арманын орындауға қолдау көрсеткені үшін @dalacrafts және Димаш Құдайбергеновтың фан-клубтарына - Dears-қа ерекше алғыс білдіреміз!

Видео