Біз орындаған армандар

Кішкентай батырдың арманы - Халк секілді супер қаһарман болу

Асланбек, 4 жас

Бала кезде көпшілігіміз супермэн болуды армандайтынбыз. Ал Асланбектің арманы - Халк болу.

Батыр ерекше күнін @evrikum.city ойын-сауық орталығында өткізді. Асланбек зертханада сиқырлы сусын ішіп, Халкқа айналды.
Ал оған тосын сый жасау үшін бізге қонаққа нағыз Халк пен Тор келді. Олар Асланбекпен қаһармандардың сырларымен бөлісіп, көңілді уақыт өткізді!