Біз орындаған армандар

Томирис: Ханшайым болғым келеді

Томирис, 8 жас

Кішкентай кейіпкеріміздің София секілді ханшайым болғым келеді деген арманы орындалды.

Ханшайымға сай келетін нағыз Диснейдегідей сиқырлы сарай, қызыл кілем, толған шарлар, молынан жайылған дастархан, әр хандықтардан жиналған ханшайым мен ханзадалар, ән мен би, тіпті нағыз пони мен Күлшеқыздың күймесі. Барлығы-барлығы Томирис ханшайымның қиялындағыдай.

Арман орындалды, ешқашан естен кетпес сиқырға толы күн өтті деген осы емес пе?!.

Томириске және біздің Қорға қолдау білдіріп келген @_sajol & @bahtiicoman , @moiyl_ үлкен алғыс білдіреміз