Дамеляның үлкен арманы - ауруға шалдыққан адамдарды емдеу, дәрігер болу
2021-01-21 14:23
Дамеляның арманы Шымкент қаласында орындаған алғашқы арманымыз.
Балапанның үлкен арманы - болашақта, ауруға шалдыққан адамдарды емдеу, дәрігер болу.
Болашақ дәрігерімізге ұмытылмас күн, ұмытылмас сәттер сыйлау үшін Шымкент қаласының №6 қалалық емханасы үлкен қолдау білдірді. Дәрігерлер емхана ішінде экскурсия ұйымдастырып, Дамеляға түрлі медициналық тәсілдерді үйретті. Біздің кішкентай дәрігеріміз тіпті өзінің алғашқы емделушісін де қабылдады.