Біз орындаған армандар

Дамеляның үлкен арманы - ауруға шалдыққан адамдарды емдеу, дәрігер болу



Дамеляның арманы Шымкент қаласында орындаған алғашқы арманымыз.

Балапанның үлкен арманы - болашақта, ауруға шалдыққан адамдарды емдеу, дәрігер болу.

Болашақ дәрігерімізге ұмытылмас күн, ұмытылмас сәттер сыйлау үшін Шымкент қаласының №6 қалалық емханасы үлкен қолдау білдірді.
Дәрігерлер емхана ішінде экскурсия ұйымдастырып, Дамеляға түрлі медициналық тәсілдерді үйретті.
Біздің кішкентай дәрігеріміз тіпті өзінің алғашқы емделушісін де қабылдады.