Біз орындаған армандар

«Менің арманым зәулім ғимараттарды көру, ұшақпен ұшу»

Даурен, 12 жас
«Менің арманым зәулім ғимараттарды көру, ұшақпен ұшу»

Даурен көптен бері зәулім және биік ғимараттарды жақыннан көруді армандаған. Балалық тәтті арманды орындау үшін, Алматыдағы ең биік ғимарат - Ritz Carlton қонақ үйінде болып қайттық. Ол жерде Даурен 30-қабатқа дейін көтеріліп, қаланың керемет көрінісін биіктен тамашалады.
Екінші арманы - ұшақпен ұшу. Бұл арманды жүзеге асыру үшін қала сыртындағы аэродромда керемет тосын сый дайындап қойдық. Даурен өмірінде алғаш рет ұшаққа отырып көрді.

Балапанның алған керемет әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.