Сондай-ақ, тауларды жақыннан көріп, тауға шығуды армандады
Біз Дидардың арманын мүмкіндігінше жүзеге асыруға тырыстық.
Дидар “Медеу” спорт кешеніне, кейін, ұмытылмас естелік сыйлаған, Қазақстандағы ең ұзын арқанды жолмен Шымбұлақ курортына көтерілді.
Дидардың "блогерлермен кездесу" деген арманын орындау үшін оның сүйікті блогерлері Нурдаулет және Садраддин келді. Сондай-ақ, күні бойы біздің команда мүшесі Олжас Дидарға блогерліктің барлық қыр-сырын үйретті.
Біздің батырымыздың жүзіндегі күлкісі күні бойына кетпей, айналадағылардың бәріне нұр сыйлады. Дидар әрқашан армандардың орындалатынына сенді және сенеді