Біз орындаған армандар

Айару модель болуды армандайды

Айару модель болуды армандайды!
Оның осы арманын жүзеге асыру үшін біз @velada_models агенттігіне жол тарттық. Ол жерде Айару нағыз модельдерден мастер-класс алып, подиумда, түсірілімде өзін модель ретінде қалай ұстау керектігін үйренді!

@velada_models агенттігінде жинаған тәжірибесін қолдануы үшін біз Айаруға нағыз профессионалды түсірілім ұйымдастырық.
Жеке визажист, жеке фотограф және керемет көйлектер.

Кішкентай модель қызымыздың тағы бір арманын орындау үшін оның сүйікті блогерлары @aii_officiiall @darhanzholshybekov @daricorn.rr және @alisher_konysbaev қолдау білдіріп, келіп, керемет тосын сый жасады.