Біз ауыр жағдайдағы 3 жастан 18 жасқа дейінгі науқас балалардың армандарын орындаймыз.
"Menin Armanym"
Корпоративтік Қоры
Біз не істейміз?
Дамытамыз
Біз қоғамға эмоционалды қолдаудың маңыздылығын енгізіп, әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, белсенді азаматтық ұстанымды қолдай отырып рухани құндылықтар деңгейін көтереміз.
Біз ауыр дертке шалдыққан балалардың ең құнды армандарын жүзеге асырамыз. Біздің арманшылдардың туыстары мен дәрігерлері олардың денсаулық жағдайына назар аударса, біз өз кезегінде балалар мен олардың ата-аналарына рухани және моральдық қолдау көрсетуге тырысамыз.
Орындаймыз
Процесс қалай жүзеге асады?
Арманшылмен және оның отбасымен байланыста болу,
"Menin Armanym" КҚ
іс-шараларына шақыртулар
6
Іс-шараға серіктестер табу және еріктілерді жинау
4
Жоспар құру, арманды жүйелеу
3
Өтінішті модерациялау, деректер мен арманның мәліметтерін нақтылау
2
Армандарыңызды орындау үшін өтінім толтыру
1
Арман орындалауы
5
Кумир
Саяхат
Идея
Рөл
Жас батырлар өздерінің кумирімен кездесуге және жеке танысуға мүмкіндіктері бар. Мысалы, бала өзінің сүйікті блогері, әнші, бизнесмен немесе спортшымен кездесуді армандайды. Кездесу айдолдың кестесіне байланысты болады, бірақ біз бұл мүмкіндік үшін бар күшімізді саламыз.
Кумир
Арманшылдар көптен күткен саяхатқа шығып, ерекше жерлерді көре алады. Мысалы, арманы – әсем Астанамызды аралау, Алматы тауларының шыңын және басқа да көптеген жерлерді көру. Арманның орындалуы баланың ата-анасы немесе ресми топ мүшесімен бірге жүзеге асады.
Саяхат
Біздің батырлардың өздерінің кез келген идеясын шынайылыққа айналдыруға толық мүмкіндігі бар. Мысалы, арман үлкен сахнада ән айту, парапланда ұшу, дельфиндермен жүзу және т.б.
Идея
Біздің жас арманшылдар өздері қалаған мамандық-
тарының рөлінде сезінуге мүмкіндік ала алады. Мысалы, бала уақытша өрт сөндіруші, футболшы, актер немесе тіпті модель бола алады.
Рөл
Біз қандай армандарды орындаймыз?
Барлық мүмкіншіліктерді қолдана отырып, біз олардың шынайы қалауын анықтаймыз және бүкіл процесті ұйымдастырамыз. Мұның бәрі жас арманшылдарға өз-өзіне сенуге және өмірлік қиындықтармен күресу үшін ішкі күштерін нығайтуға көмектеседі.
Біз балалардың армандарын жүзеге асыруға көмектесу үшін кәсіби және тыңғылықты жұмыс істейміз.
Арман орындау деген не?
Жобаның бір бөлшегі болыңыз
Еріктілер армандарды жүзеге асырудың маңызды бөлігі болып саналады. Олар мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы, атмосфера құрып, балаларға қолдау көрсетеді және осындай маңызды сәттерде жанында болады.

Біз барлық қамқор адамдарды біздің миссиямызға қосылуға және маңызды оқиғалардың қатысушысы болуға шақырамыз.
Еріктілер
Арманыңызды орындаңыз
Біздің қоғамда осынау игі миссияны орындауға көмектесетін ақкөңіл, әлеуметтік жауапкершілігі мол адамдар көп деп ойлаймыз. Осындай күрделі және нашар жағдайдағы балалар ерекше назар аударуды қажет етеді. Бізді неғұрлым көп адамдар мен компаниялар қолдаса, соғұрлым біз ғажайыптарды шындыққа айналдырамыз.
Серіктес
Біздің контактілер
+7 700 101 00 46
Колл-орталық: +7 (727) 313 86 87
menin.armanymkz@gmail.com
Алматы қ. , Муканова көшесі, 241
(1 блок, 4 этаж, 1 офис)

© All Rights Reserved. Menin Armanym.
menin.armanymkz@gmail.com